JAGUAR E-PACE

JAGUAR E-PACE

E-PACE — Jaguar-дың алғашқы ықшам SUV көлігі. Бұл керемет көріністің, жолдағы маневрлік пен динамикалық сипаттың бірегей үйлесімі. Сондай-ақ қосылатын гибридті жетегі бар нұсқасы қолжетімді. 

ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Спорттық автомокөліктерден шабыттандырылған дизайн мен SUV қолайлығының мінсіз үйлесімі. Бүйірлік желдету саңылауларынан бастап радиатор торына дейінгі дизайнның батыл бөлшектері. 

Көру үшін басыңыз

ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Дизайны бірінші орынға қойылған E-PACE ішінде өзіне тән мағына, стиль және әсемдік сезімі бар. 

БЕРІЛІС СЕЛЕКТОРЫ

БЕРІЛІС СЕЛЕКТОРЫ

Автоматты беріліс қорабын қосу үшін крикет добының стиліндегі заманауи тігіспен безендірілген иінтіректі пайдаланыңыз. Егер берілісті қолмен ауыстыруды ұнатсаңыз, онда хромдалған руль астындағы желектер сізге мұны қиындықсыз жасауға мүмкіндік береді.
ИНТЕРЬЕР БӨЛШЕКТЕРІ

ИНТЕРЬЕР БӨЛШЕКТЕРІ

Бедерлі бассүйегіш пен хромдалған акценттерден бастап талғампаз материалдар мен нәзік дизайнерлік белгілерге дейін — әрбір бөлшек мұқият ойластырылған.
ПРЕМИУМ-КЛАСС МАТЕРИАЛДАРЫ

ПРЕМИУМ-КЛАСС МАТЕРИАЛДАРЫ

Экологиялық таза материалдар интерьерді әртүрлі түстермен безендіреді. Сондай-ақ талғампаздық беру үшін былғарыдан жасалған қаптауышты таңдауға болады.

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

ӨНІМДІЛІК

ӨНІМДІЛІК

Максималды дәрежедегі тиімділігі жоғары автокөлік. E-PACE аспасы өз класындағы үздік басқарушылықты қамтамасыз етеді, ал шасси шын мәнінде жүргізуден премиум сезімді бере отырып, жолдағы тұрақтылықты оңтайландырады.
ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Салонды алдын ала кондиционерлеу функциясы көмегімен мінсіз температураны баптау немесе құрылғыларды сымсыз зарядтау арқасында әлеммен байланыста қалу мүмкіндігі болсын — E-PACE интеллектуалды технологиялары өмірді жеңілдетеді.
ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК

ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК

Заттарды салонда, жүксалғышта немесе төбеде тасымалдаудың үздік класты мүмкіндіктері мен қауіпсіздік жүйелерінің жиынтығы E-PACE моделін стильді ғана емес, сондай-ақ қолайлы етеді.

ЖИНАҚТАМАНЫ ТАҢДАҢЫЗ

Түрлі техникалық сипаттамалар жиынтығы бар төрт модельдің ішінен біреуін таңдап, өз E-PACE көлігіңізді жеке етіңіз.

E-PACE

E-PACE

• Фирмалық күндізгі жүріс жарықтары бар жарықдиодты фаралар, артқы анимациялық бұрылыс көрсеткіштері және фаралардың шалғай жарығын автоматты басқару жүйесі
• 18 дюймдік Style 5048 дөңгелек дискілері, 5 шабақ, күміс жалтылы
• Электржетегі, есік жанындағы кеңістікті жарықтандыру шамдары және автоматты күңгірттеу функциясы бар жылытылатын сыртқы айналар (жүргізуші жақтан)
• Pivi Pro ақпараттық ойын-сауық жүйесі (Интернетке кіру мүмкіндігі бар)
E-PACE SE

E-PACE SE

• Фирмалық күндізгі жүріс жарықтары бар премиум-кластағы жарықдиодты фаралар, алдыңғы және артқы анимациялық бұрылыс көрсеткіштері мен фаралардың шалғай жарығын автоматты басқару жүйесі
• 19 дюймдік Style 5049 дөңгелек дискілері, 5 шабақ, күміс жалтылы
• Электржетегі, есік жанындағы кеңістікті жарықтандыру шамдары және автоматты күңгірттеу функциясы бар жылытылатын сыртқы айналар (жүргізуші жақтан)
• Жетекті артқы есік
• АудиожүйеТМ Meridian
E-PACE R-DYNAMIC S

E-PACE R-DYNAMIC S

• Фирмалық күндізгі жүріс жарықтары бар жарықдиодты фаралар, артқы анимациялық бұрылыс көрсеткіштері және фаралардың шалғай жарығын автоматты басқару жүйесі
• 18 дюймдік Style 5118 дөңгелек дискілері, 5 шабақ, Diamond Turned контрастты әрлемесі бар қара сәтен
• Pivi Pro ақпараттық ойын-сауық жүйесі (Интернетке кіру мүмкіндігі бар)
• Жол белгілерін тану және бейімделетін жылдамдық шектегіші
E-PACE R-DYNAMIC SE

E-PACE R-DYNAMIC SE

• Фирмалық күндізгі жүріс жарықтары бар премиум-кластағы жарықдиодты фаралар, алдыңғы және артқы анимациялық бұрылыс көрсеткіштері мен фаралардың шалғай жарығын автоматты басқару жүйесі
• 19 дюймдік Style 5119 дөңгелек дискілері, 5 шабақ, Diamond Turned контрастты әрлемесі бар күңгірт-сұр сәтен
• Электржетегі, есік жанындағы кеңістікті жарықтандыру шамдары және автоматты күңгірттеу функциясы бар жылытылатын сыртқы айналар (жүргізуші жақтан)
• Жетекті артқы есік
• MeridianTM акустикалық жүйесі
E-PACE R-DYNAMIC HSE

E-PACE R-DYNAMIC HSE

• Кілтсіз кіру
• 20 дюймдік Style 5120 дөңгелек дискілері, 5 қосарланған шабақ, Diamond Turned контрастты әрлемесі бар күңгірт-сұр сәтен
• Ebony/Ebony түсіндегі интерьердің сәндік әрлемесі бар Ebony түсіндегі Windsor былғарысынан жасалған спорттық орындықтар
• Интерактивті аспаптар тақтасы
• Көзден таса аймақтарды бақылау көмекшісі
E-PACE R-DYNAMIC BLACK

E-PACE R-DYNAMIC BLACK

• Сыртқы айналардың эксклюзивті қара корпустары бар Black әрлеу пакеті
• Әйнектерді күңгірттеу
• Панорамалық төбе
• 19 дюймдік Style 5119 дөңгелек дискілері, 5 шабақ, күңгірт-сұр сәтен
E-PACE 300 SPORT

E-PACE 300 SPORT

• Фирмалық күндізгі жүріс жарықтары бар жарықдиодты фаралар, алдыңғы және артқы анимациялық бұрылыс көрсеткіштері және фаралардың шалғай жарығын автоматты басқару жүйесі
• Black шанақ әрлемесінің пакеті
• Қара контрастты төбе
• 21 дюймдік Style 1078 дөңгелек дискілері
• Кілтсіз кіру
• Көзден таса аймақтарды бақылау көмекшісі
• Артқы көрініс камерасы

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИДТІ ЖЕТЕГІ БАР НҰСҚА (PLUG-IN HYBRID) БАР

Анағұрлым үнемді болған әрі отын шығыны азайған Jaguar E-PACE көлігінде сіз жақсы көретіннің барлығы.

±Келтірілген сандар NEDC сәйкес өндірушінің ресми сынақтарының нәтижесінде есептелген. Қоршаған орта жағдайлары мен жүргізу мәнеріне байланысты мәндерде айырмашылық болуы мүмкін. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін.