JAGUAR XF

JAGUAR XF

Керемет дизайн мен өнімділіктің айрықша үйлесімі.
КОНФИГУРАТОР

ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Jaguar XF қай жағынан қарасаңыз да көз тартады. Заманауи ерекшеліктері, соның ішінде фольга элементтері бар радиатор торы, жетілдірілген Jaguar XF көлігінің сыртқы келбетін қалыптастырады.

КӨРУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ

СЕДАН ЭКСТЕРЬЕРІ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ

XF қай жағынан қарасаңыз да көз тартады. Заманауи ерекшеліктері, соның ішінде фольга элементтері бар радиатор торы жетілдірілген XF көлігінің сыртқы келбетін қалыптастырады.
КОНФИГУРАТОР

ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Аяқ қоятын кең орынның, орындық қалпының бапталуының және массаж функцияларының арқасында сіздің Jaguar XF көлігіңіз қоршаған ортадан жасыратын жерге айналады.

ДИЗАЙН ЭЛЕМЕНТТЕРІ

ДИЗАЙН ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Jaguar XF-тың британдық түп-тамырына астарлы тұспал: беріліс қорабының эргономиялық селекторының былғарысында крикет добы стиліндегі кесте бар және қолға жұп-жұмыр келеді.
ОТЫРҒЫЗУ НҰСҚАЛАРЫ

ОТЫРҒЫЗУ НҰСҚАЛАРЫ

Аяқ қоятын кең орынның, орындық қалпының бапталуының және массаж функцияларының арқасында сіздің Jaguar XF көлігіңіз қоршаған ортадан жасыратын жерге айналады.
САЛОННЫҢ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУЫ

САЛОННЫҢ ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУЫ

Салонның премиум-класты жарықтандырылуы Jaguar салонындағы ахуалды толық бақылауға мүмкіндік береді: реңктердің алуан түрі сізге мінсіз көңіл күй орнатуға көмектеседі.

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

ӨНІМДІЛІК

ӨНІМДІЛІК

Jaguar автокөлігін басқарудың қайталанбас сезімін бастан кешіңіз. Модельдік қатарымыз тиімдірек сапарларға арналған «жұмсақ» гибрид технологиясы бар дизель қозғалтқыштарын қамтиды.
ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Интеграцияланған және түйсікпен түсінілетін технологиялар байланыса отырып, сізге көмектесу үшін жаймен бейімделеді. Автокөлікке арналған Pivi мультимедиалық жүйеміз ақпараттандырып, ойын-сауықты қамтамасыз етеді.
ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК

ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІК

Саяхатта қажетті нәрселерге арналған орын көп. Отбасыңызбен сенбі күні сапарға не ұзақ саяхатқа шықсаңыз да, Jaguar XF кез келген қажеттілігіңізді қанағаттандыра алады.

ЖИНАҚТАМАНЫ ТАҢДАҢЫЗ

Әрбір Jaguar XF британдық дизайн, Jaguar өнімділігі мен ең жаңа ақпараттық ойын-сауық жүйелерінің бірегей үйлесімін ұсынады. Сіз қайсысын таңдайсыз?

XF S СЕДАН

XF S СЕДАН

• КЖЖ жиектелген премиум кластағы жарықдиодты жетекші фаралар
• 18 дюймдік Style 7011 дөңгелек дискілері
• 12 бағытта реттелетін электржетекті алдыңғы орындықтар, бас сүйегіштері 2 бағытта қолмен реттеледі
• 11,4 дюймдік сенсорлық экран
• Бейімделетін круиз-контроль
XF СЕДАН<br> R-DYNAMIC

XF СЕДАН
R-DYNAMIC

• КЖЖ жиектелген премиум кластағы жарықдиодты жетекші фаралар
• қою сұр контрастылы әрлеуі бар Diamond Turned түсті 18 дюймдік Style 5105 дөңгелек дискілері
• 12 бағытта реттелетін электржетекті алдыңғы орындықтар, бас сүйегіштері 2 бағытта қолмен реттеледі
• 11,4 дюймдік сенсорлық экран
• Бейімделетін круиз-контроль
XF R-DYNAMIC BLACK СЕДАН

XF R-DYNAMIC BLACK СЕДАН

• КЖЖ жиектелген премиум кластағы жарықдиодты жетекші фаралар
• Black шанақ әрлемесінің пакеті
• Айналарға және бүйір табалдырықтарына арналған қара жылтыр жапсырмалар
• 19 дюймдік Style 5106 дөңгелек дискілері, қара жылтыр
• Қызыл тежегіш суппорттары
• Satin Charcoal Ash буаты

Көрсеткіштер Еуро-6 экологиялық стандарты бар Еуропа нарықтары үшін келтірілген. Басқа нарықтардағы сертификаттауды және отын үнемдеу көрсеткіштерін өз дилеріңізден алуға болады.


Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және өткізу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.


Жүргізушінің мультимедиалық функцияларды қолдануына бұл қауіпсіз болған кезде ғана рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.


Pivi және InControl функциялары, опциялар, үшінші тарап жеткізушілерінің қызметтері және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты — өзіңіздің Jaguar дилеріңізден жергілікті нарықта қолжетімді екенін және барлық шарттарды тексеріңіз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылуына кепілдік берілмейді. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран дизайны мен әрекеттер дәйектілігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды параметрлерге байланысты өзгертілуі мүмкін.