ТОЛЫҚ ЭЛЕКТРЛІК JAGUAR I-PACE

ТОЛЫҚ ЭЛЕКТРЛІК JAGUAR I-PACE


World Car of the Year,
World Car Design of the Year және
World Green Car сыйлығының жеңімпазы* — Jaguar I-PACE
Электрмобильдер туралы таптаурындарды бұзады


ЭЛЕКТРЖЕТЕК ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

ЭКСТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Closeup view of front Pixel LED headlights
Жарықтандыру аспаптарының әсем дизайны Jaguar I‑PACE таза сызықтарымен тамаша үйлеседі және күңгірт лак-бояу жабынымен, екі «J» әрпі түріндегі күндізгі жүріс жарықтарына біріктірілген жарықдиодты фаралардың үйлесімінде автокөліктің футуристік бейнесін айқын көрсетеді.
Jaguar I-PACE мінсіз аэродинамикалық пішін беретін көрнекі радиатор торымен және бедерлі капотымен ерекшеленеді. Шанақтың шымыр артқы бөлігі Jaguar I-PACE келбетін сесті етіп көрсетеді.
Black сыртқы әрлеу топтамасы бүйірлік әйнектердің Gloss Black жиектемесін, Matte Graphite Atlas радиатор торын және Gloss Black жиектемесін, сондай-ақ бүйірлік әйнектердің Gloss Black қаптамасын қамтиды. Black әрлемесі бар бейдж көріністі толықтырады.
КӨРУ ҮШІН БАСЫҢЫЗ

ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Girl driving the car in comfort
Шу деңгейін төмендететін қозғалтқыштың күрделі дыбысоқшаулауы, сондай-ақ жел шуын азайтатын ойластырылған сыртқы дизайн салонда керемет тыныштықты қамтамасыз етуге арналған.
Толық электрлік архитектураның арқасында Jaguar I-PACE көлігінде орындалудың асқан шеберлігі мен 656 литрді құрайтын жүксалғыш кеңдігі үйлеседі.
Әртүрлі материалдан жасалған Sports немесе Performance орындықтарын таңдаңыз. Экологиялық KvadratТМ опциясы салонды заманауи стильде жұмсақ материалмен әрлеуді көздейді.

ҚАРҚЫНЫМЕН ТАҢҒАЛДЫРАДЫ, ӨМІР СҮРУДІ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Jaguar электрмобильдерінің иелік ету құнының төмендігі, зиянды шығарындылардың жоқтығы және 8 жылдық кепілдік
сияқты тамаша сипаттамаларымен және артықшылықтарымен танысыңыз.

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

ЖҮРІС ҚОРЫ (МАКС.)


446 км±

Толық зарядпен 446 км-ге дейінгі қашықтықты жүріп өтуге болады*.
Берілген цифрлар NEDC-ге сай есептелген. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамалары сіздің жүргізу стиліңізге қарай өзгеше болуы мүмкін.

ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ


8,5 сағат*

Автокөлік қуаты 11 кВт айнымалы ток желісінен небәрі 8,5 сағат ішінде толық заряд алады*. Үй жағдайында түнде зарядтау үшін өте ыңғайлы.
Уақыт қуаты 11 кВт болатын айнымалы токпен үйден зарядтау құрылғысын пайдаланған кезде есептелді.

ШЫҒАРЫНДЫЛАР


0 CO22

Зиянды шығарындылары жоқ болуынан ләззат алыңыз.

0-100 км/сағ ҮДЕУІ


4,8 с

4,8 секундта 100 км/сағ дейін үдеу.

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Rear closeup view of side part of the car
Әсерлі қуат пен динамика. Нөлдік пайдаланылған газ шығарындылары. Толығымен электр күш қондырғысы бар Jaguar I‑PACE – жүргізуші үшін жасалған автокөлік.
Ол жабдықталған озық әрі пайдалануға интуитивті түсінікті технологиялар – 1 Pivi Pro ақпараттық ойын-сауық жүйесі және дауыспен басқару функциясы бар Amazon Alexa виртуалды көмекшісі.
Jaguar I-PACE еш қиындықсыз үйде де, жолда да қуаттауға болады. Pivi Pro ақпараттық ойын-сауық жүйесі1 сіздің бағдарыңыздағы барлық зарядтау нүктелерінің орналасқан жері туралы айтып береді.

ЖИНАҚТАМАНЫ ТАҢДАҢЫЗ

JAGUAR I-PACE R-DYNAMIC HSE

JAGUAR I-PACE R-DYNAMIC HSE

  • КЖЖ-ның фирмалық жиектемесі бар матрицалық жарықдиодты бас фаралар
  • Diamond Turned әрлемесі бар және Gloss Dark Grey қою сұр түсті жылтыр кереғар жабыны бар 20 дюймдік Style 6007 дөңгелек дискілері1
  • Панорамалық төбе
  • Алдыңғы орындықтардың жылытқышы, салқындатқышы, 16 бағытта реттелетін электржетегі бар
  • MeridianТМ, кеңістіктегідей дыбысталатын аудиожүйе
JAGUAR I-PACE R-DYNAMIC SE

JAGUAR I-PACE R-DYNAMIC SE

  • КЖЖ-ның фирмалық жиектемесі бар жарықдиодты фаралар
  • Diamond Turned әрлемесі бар және Gloss Dark Grey қою сұр түсті жылтыр кереғар жабыны бар 20 дюймдік Style 6007 дөңгелек дискілері1
  • Салонның реттелетін жарығы
  • Төменгі сенсорлы экран
  • Мобильді құрылғыларды сымсыз зарядтау жүйесі
JAGUAR I-PACE R-DYNAMIC S

JAGUAR I-PACE R-DYNAMIC S

  • Жарықдиодты фаралар
  • Diamond Turned әрлемесі бар және Gloss Dark Grey қою сұр түсті жылтыр кереғар жабыны бар 20 дюймдік Style 6007 дөңгелек дискілері1
  • DuoLeather құрамдасқан былғарымен әрленген спорттық орындықтар
  • Жүксалғыштың электржетекті есігі
  • Реттеу және жию электржетегі, қалыпты жадқа сақтау функциясы бар, сондай-ақ жүргізуші жағында сыртқы жарықтандыру және автоматты түрде күңгірттеу мүмкіндігі бар жылытылатын сыртқы айналар

±Келтірілген сандар NEDC-ге сәйкес өндірушінің ресми сынақтарының нәтижесінде есептелген. Қоршаған орта жағдайлары мен жүргізу стиліне байланысты мәндерде айырмашылық болуы мүмкін. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін.

** Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде, бірақ шектелместен: көліктің шыққан жылына, күйіне, температураға және батареяның ағымдағы зарядына; пайдаланылатын құралға және зарядтау ұзақтығына байланысты болады.

2019 жылы автокөлік World Car of the Year, World Car Design of the Year және World Green Car марапаттарын иеленді.

Wet: Жүксалғыш көлемінің мәні кеңістікке сұйықтық толтыруды үлгілеу арқылы алынды.

1Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Jaguar ресми дилеріне хабарласып ұзартуға болады.

Сыйымдылығы 90 кВт/сағ құрайтын I-PACE жоғары вольтті аккумуляторына берілетін кепілдік сегіз жылды немесе 160 000 км жүріп өткен жолды құрайды (қайсысы ертерек болатынына байланысты). Кез келген өндіріс ақауы болған жағдайда немесе Jaguar ресми дилері аккумулятор батареясының өнімділігі 70 %-дан төмен түскенін анықтаса, аккумулятор батареясы қайтарылуы тиіс.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және сатылу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.

Назар аударыңыз: стандартты функциялар балама жинақтамаларды таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің сатып алынған еліне, қозғалтқыш опциясына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.

Назар аударыңыз: стандартты функциялар балама жинақтамаларды таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің сатып алынған еліне, қозғалтқыш опциясына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.

Жүргізушінің мультимедиалық функцияларды қауіпсіз жағдайда ғана қолдануына рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.

Pivi және InControl жүйелері, опциялар, басқа жеткізушілердің қызметтері және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты болады. Толық ақпарат алу үшін өз өңіріңіздегі Jaguar дилеріне хабарласыңыз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін.

Meridian — Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда маркасы және Three fields құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда маркасы.